13-17 қаңтар аралығында қазақстандық сарапшының қатысуымен Қазақстанда ЭндоУЗИ бойынша 1-ші практикалық семинар өтті. Қарағандыда Қазақстандағы “Olympus” өкілдігінің қолдауымен No3 көпсалалы емхананың эндоскопия бөлімінде эндосонография негіздері бойынша қысқа мерзімді оқу курсы ұйымдастырылды. 5 күн ішінде эндоскопия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. И.М.Хамитованың жетекшілігімен дәрістер, клиникалық жағдайлардың демонстарициясы және тәжірибелік дағдыларды пысықтау жүргізіледі. Демонстрация үшін өңеш пен асқазанның шырышты асты түзілістері, сондай-ақ ұйқы безінің кисталы түзілістері бар науқастар дайындалды. Курс аяқталғаннан кейін курсанттарға қатысушы сертификаты беріледі.
Келесі эндосонография курсының өткізілу күнін білу үшін Қазақстандағы Olympus өкіліне хабарласыңыз.





