Бұл үш күндік халықаралық конференция озық ғылыми зерттеулер мен жоғары деңгейлі білім беру мүмкіндіктерін көрсетті. Қазақстаннан келген дәрігерлер тобы алғаш рет шақырылған спикерлер мен сессиялардың модераторлары ретінде қатысты. Сондай-ақ, біздің дәрігерлер өз қызметінің нәтижелерін жедел және диагностикалық эндоскопия бойынша постерлік баяндамаларда ұсынды. Ал біздің топтың қатысуының басты нәтижесі Қазақстанда эндоскопияны дамыту және одан әрі бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу болды.


