19-20 сәуірде Шымкент қаласында қалалық онкологиялық орталық базасында қазақстандық және ресейлік сарапшылардың қатысуымен жедел және диагностикалық эндоскопия бойынша мастер-класс өткізілді. Операция бөлмесінен трансляциямен операциялар жүргізілді, сонымен қатар эндоскопиядағы өзекті тақырыптар бойынша дәрістер оқылды. Іс-шараға қазақ эндоскопиялық қоғамының қолдауымен Қазақстандағы Olympus, Proma және Сона-Фармексим компаниясының өкілдігі демеушілік жасады. Қатысу форматы онлайн және офлайн болды .





